«Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектеп» КММ Ұстаздар күні мерекесіне арналған іс-шаралар есебі

0

«Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектеп» КММ

Ұстаздар күні мерекесіне арналған іс-шаралар есебі

 

Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып, шәкірттің бағын ашатын аяулы жандардың мерекесіне орай 4-сынып оқушыларымен “Ұстаз -ұлы есім” тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

 

Ұстаздар күніне орай республика бойынша “Ұстазыңды құттықта”атты акциясына мектебіміздің мұғалімдері зейнет демалысындағы әріптестерімізді, аяулы ұстаздарымызды құттықтады.

“Балалар жылы” аясында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай 30 қыркүйек күні мектебімізде “Дублер күні” ұйымдастырылды. Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру, білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыт

 

Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Осындай атаулы күні аяулы ұстаздарына мектебіміздің оқушылары “Ұстазым – мектептің жүрегі” атты іс-шара ұйымдастырып, көңілді кеш сыйлады.

 

 

 

Мектеп директоры                                Г.Қ.Хамзина

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *