«Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектеп»КММ Республика күні мерекесіне өткен іс-шаралар есебі

0

«Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектеп»КММ

Республика күні мерекесіне өткен іс-шаралар есебі

 

Республика күніне орай «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты науқанына мектебіміздің 8-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Мектебіміздің жанында орналасқан Ж.Тәшеновтың ескерткішінін маңайын тазалап жинады. Мақсаты: өскелең ұрпақты қоршаған ортаға ұқыпты қарау және қорғау, экологиялық тәрбиеге ықпал ету.

 

 

 

Осы мерекеге орай жоспар бойынша спорттық жарыстар ұйымдастырылуда. Дәстүр бойынша 7-8 сыныптар және 9- 10 сыныптар арасында күзгі кросс өткізілді. Кросстың қатысушылары мәре сызығына бірінші болып жету үшін бар күштерін салып жарысты. Ауа-райы қолайлы болып, оқушыларымызға жақсы көңіл-күй сыйлады. Кросстың жеңімпаздары мадақтамалармен марапатталды.

 

 

20 қазан күні 1-11 сыныптарда «Қазақстан туған жерім, туған елім!»тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.

 

 

 

Мектеп кітапханасында «25 қазан — Республика күні» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмені бастауыш сынып оқушылары келіп  тамашалады. Көптеген кітаптармен танысып, мәліметтер  алды. 2 -сынып оқушысы Жамболат Темірлан «Рәміздерім менің» тақпағын мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар, мектебімізде «Патриотизм дауысы» Мемлекеттік әнұранын жаппай орындау салтанаты ұйымдастырылды.

 

Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары «Менің Республикам –Қазақстан» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Осы суреттерде оқушылар еліміздің табиғатын, көрікті жерлерін, сүйікті қалаларын бейнеледі. Сонымен қатар, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы»КММ «Оқушылар сарайы»МКҚК ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім-Қазақстаным» оқу сайысында мектебіміздің 4-сынып оқушысы Қайырбек Мейірхан I дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

 

Республика күні мерекесіне «25 қазан Республика күні» атты мектебімізде іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар патриоттық әндер мен поэзиялар орындап, Отанына деген ыстық лебіздерін білдірді

 

 

 

 

 

 

 

 

               Мектеп директоры                           Г.Қ.Хамзина

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *