«Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектеп»КММ Тәуелсіздік күніне өткен іс-шаралар туралы есеп

0

«Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектеп»КММ

Тәуелсіздік күніне өткен іс-шаралар туралы есеп

 

 

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің 3-4 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік –еліміздің ерлік жолы» тақырыбында викториналық ойын өтті. Мақсаты: өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге, Отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

 

12 желтоқсан күні мектеп кітапханашысы Нурмуканова М.С 1-2 сынып оқушыларын «Тәуелсіздік алған күн» атты жасаған көрмесімен таныстырды. Оқушылар Тәуелсіздік күніне арнаған өлең жолдарын оқыды.

 

14 желтоқсан күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік — жаңа Қазақстанның кепілі» атты интеллектуалды сайысы өтті. Сайыстың мақсаты оқушылардың Қазақстан тарихынан білімдерін шыңдау еді. Сайыс барысында оқушыларға әртүрлі ұяшықтарда жасырылған Қазақстан тарихынан және дәстүрлер мен әдебиет салалары бойынша сұрақтар қойылды. Тартысты ойын нәтижесінде бірінші орынға 9ә сынып оқушыларынан құралған топ жеңіске жетті.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің Орта білім комитеті шахматты насихаттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту және жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2-11 сынып оқушылары арасында мектепшілік шахмат олимпиадасы өткізілді. Осы олимпиадаға 19 бала қатысып, нәтижесі бойынша: I орынды 8-сынып оқушысы Жұмабек Мейірлан,

II орынды 9-сынып оқушысы Қайырбек Мерей,

III орынды 4-сынып оқушысы Дулат Темірлан жеңіп алды.

 

 

 

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне қарсы мектебіміздің 6-7 сынып оқушылары » Абылай хан резиденциясы» мұражай кешеніне 18 ғасырдың ұлы тұлғасы, үш жүздің басын біріктіріп, қазақ хандығын қосқан Абылай ханның өмірі мен қызметіне арналған көрмеге саяхат жасады. Мақсаты: оқушылар өз елінің тарихын білуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

 

 

 

 

Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету мақсатында 14-15 желтоқсан күндері мектебіміздің 5-11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған деректі фильмдер көрсетілді.

 

Биылғы жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Қас-қағым уақыт тәрізді, қанды жол, ауыр күндермен келген Тәуелсіздігімізге – 31 жыл, Желтоқсан оқиғасына – 36 жыл. Алайда, 1986 жыл дәл осы 16 желтоқсанда қаншама жүрегі қазақ деп соққан бауырларымыздан айырылған күн екендігінде ұмытпағанымыз жөн. Әрбір жүрегі қазақ деп соққан адамға белгілі ғой, қазақ еліне Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Ал бүгінгі Тәуелсіздігіміздің жаншысының бірегейі осы – Желтоқсан оқиғасына қатысқан өңіріміздің тұлғалары Республикалық қоғамдық бірлестігінің желтоқсан ақиқаты қозғалысы СҚО филиалының төрағасы Қажымов Боташ Мырзағұлұлымен, СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бөлімінің басшысы Мұқанова Бағдат Сәрсенбайқызымен және мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Казиева Айгүл Тұрсынбайқызымен кездесіп, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесуде желтоқсан оқиғасына байланысты бейнероликтер көрсетілді. Қазақстанның өткені мен бүгіні жайында, жеткен жетістіктеріміз бен алдағы шығар белестеріміз, алар асуларымыз әңгімеге арқау болды. Бүгінгі кездесу оқушыларға рух беріп, өз елінің патриоты болуға үн қосқандай болды. Кездесудің соңында Бағдат Сәрсенбайқызы мектебімізге Ш.Қ.Қарабаевтың «Тәуелсіздікке жеткізген желтоқсандықтар» атты кітапты сыйға тарту етті.

 

 

 

15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан туралы мәлімет беру. Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету, оқушылардың өз елін сүюге, қадірлеуге, елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін құрмет тұтуға үйрету.

 

 

 

 

 

Мектеп басшысы                                  Г.Қ.Хамзина

 

 

 

 

 

 

«Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектеп»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіздік күніне өткен

іс-шаралар туралы есеп

 

 

 

 

Орынд:Анабаева Э.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2022-2023 оқу жылы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *