Анықтама

Мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында 27 қазан күні мектептеп оқушыларының арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты пікірталас сайысы өткізілді. Мақсаты- қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Пікірталастың әділқазылар мүшелері  мектебіміздің  дебат клубының жетекшісі Сулейменов Ж.С және  мектеп Президенті Қабдошева С.А әділ шешімін шығарып, дипломдармен  марапаттады.

 

 

 

 

 

 

Директор:                            Г.Қ.Хамзина

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *