«Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектеп»КММ «Отбасы күні» мерекесіне өткен іс-шаралар есебі
«Ж.Тәшенов атындағы №20 орта мектеп»КММ
«Отбасы күні» мерекесіне өткен іс-шаралар есебі
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, жанұядағы ата–анамен баланың арасындағы қарым — қатынасты нығайту, ата –анаға деген бала махаббатын ояту мақсатында бүгін 3-сынып оқушыларымен «Мен отбасыммен мақтанамын» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағат барысында балалар топтарға бөлініп әртүрлі қызықты тапсырмалар орындады. Балалар белсене қатысып, өздерінің отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік қарым-қатынастарын көрсете білді. Сонымен қатар үлкенді сыйлау, қайырымды болу, үлкендерге ілтипат көрсету керектігін түсінді.
«Мен және менің отбасым» атты 5 -сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге қөңілді жарыс өткізілді. Осы көңілді жарысқа қатысқан Қапен, Сәлінжуар, Шора, Тасболатовтар отбасы барлығы да ұйымшыл, алғыр, белсенді, спортшыл екендерін көрсете білді. Жарыс өте көңілді өтті.
«Отбасы күні» мерекесіне орай 4-сынып жетекшілері Акжигитова Ж.К және Макжанова А.Ж. ұйымдастыруымен «Отбасым- менің қуатым» атты сайыс түрінде отбасылық іс- шара өткізілді. Осы сайыста оқушылар және аналары өздерінің тапқырлығы мен шығармашылығын көрсетіп, әсіресе аналарына балалары туралы сұрақтарға жауап беруі қызықты болды. Сондай-ақ сайыскерлердің әр кезеңдегі жұмыс барысында аналарымен бірігіп жасаған жұмыстары, фантазиялары мен сөйлеу мәнерлері бағаланды. Бұл сайыста Құрбан Батырхан және анасы Фарида Маратқызы сайыстың барлық кезеңдерінде ерекшеленіп, 1 орынға ие болды. Қатысушыларымыз сыйлықтармен марапатталды.
Мектебіміздің кітапханашысы Нурмуканова М.С «Отбасы-тәрбие іргетасы» атты бастауыш сынып оқушыларына көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар 1 және 2-сынып оқушылары отбасыларымен түскен фотосуреттерінен «Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында бейнеролик жасады.
Мектеп директоры Г.Қ.Хамзина